Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты ТЕРЕК МАМЫҒЫ ОҚ-ДӘРІДЕЙ ЖЫЛДАМ ЖАНАДЫ

ТЕРЕК МАМЫҒЫ ОҚ-ДӘРІДЕЙ ЖЫЛДАМ ЖАНАДЫ

PDF Баспаға жіберу
07.06.2018 08:58

Елордалық Төтенше жағдайлар департаменті жаздың алғашқы айында теректердің гүлденетіні заңдылық екенін ескертеді. Қала көшелері қарға ұқсас ақ ұлпаға бөленеді. Балалар терек мамықтарын тұтандырып ойнауды жақсы көреді. От жалынының ақ кілем үстімен тез таралатындығына қызыға қарайды. Алайда мұндай ермек істердің үлкен өрттің туындауына, тіпті адам қазасына әкелуіне себепші болатындығы ешкімді ойландырмайды. 

Былтырғы жылы терек мамықтарын жағу салдарынан от жалыны жанында тұрған объектілер мен құрылыстарға таралу оқиғасы тіркелді. Мәселен, Гете көшесінде 2 факт тіркелді, жалынның шығуына терек мамықтары себеп болған. Өрт салдарынан үш гараж бен үш шаруашылық құрылысы зақымдалды.

Балалар ғана емес, ересектер де шылым немесе сіріңкені сөндірмеген күйде лақтырып, терек мамықтарының тұтануына себепші болады. Терек мамықтары тез тұтанады, оқ-дәрі секілді жойқын күшпен жан-жаққа тарап, соңынан қара түтін қалдырады. Өрт санының артуына себеп болады. Әсіресе ағаштан жасалған құрылыстар, сондай-ақ гараждар мен көлік тұрақтары өрттің шығу қаупіне бейім. Егер бұлардың маңында газ құбырлары болса, қандай жағдай болар еді? Сондықтан баршамызға сақ болған жөн.

Осыған орай Астана қаласының ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігін ескертеді, талаптар орындаламаған жағдайда соңы орны толмас қайғыға соқтыруы ықтимал.


Астана қаласы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы

бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының

Мемлекеттік өрт бақылау бөлімі


 
Система Orphus