Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

PDF Баспаға жіберу
07.06.2018 11:13

Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша күндіз 8 маусымда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с жетеді.

 Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады:

- мұқият болыңыз, ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндікше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу  бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!


Астана қаласы ТЖД


 
Система Orphus