Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

PDF Баспаға жіберу
22.06.2018 11:03

Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 23 маусымда күндіз найзағай күтіледі, батыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с жетеді деп хабарлайды.

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады:

- мұқият болыңыз, ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндікше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу  бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

Астана қаласы ТЖД


 
Система Orphus