Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Балалар үшін ойын-сауық іс-шаралары

Балалар үшін ойын-сауық іс-шаралары

PDF Баспаға жіберу
29.06.2018 12:28

DSC_0123

Астана қаласы ТЖД  «Сарыарқа» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы ағымдағы жылдың 28 маусымында Қызыл Жарты ай қоғамының Астана қаласындағы филиалының еріктілерімен  бірлесіп Орталық саябағы ауданындағы «Есіл» өзені жағалауында ауқымды іс-шара өткізді.

Балалар мен саябаққа келушілерге арнап аниматорлар шоуын, сұрақ-жауап сайысын өткізу, үгіт-насихат материалдарын тарату, халықты алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибелік іс-әрекетке үйрету, сонымен қатар мамандандырылған техниканы көрсету ұйымдастырылды.


Аталмыш іс-шара «Қауіпсіз демалыс» және "Маусымдық ТЖ алдын алу"  шеңберінде балалардың жарақаттанудың алдын алуға бағытталды.

Іс-шара балалар мен ересектер үшін көңілді және танымдық болып өтті.

DSC_0123 IMG_2022 IMG_2090 IMG_2151 IMG_2157 IMG_2179 IMG_2194 IMG_2204

Астана қаласы ТЖД Сарыарқа ауданының ТЖБ


 
Система Orphus