Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Таңшолпан» бағдарламасының тікелей эфирінде судағы қауіпсіздік туралы

«Таңшолпан» бағдарламасының тікелей эфирінде судағы қауіпсіздік туралы

PDF Баспаға жіберу
29.06.2018 18:59

IMG_20180626_094734

Ағымдағы жылдың 26 маусымында "Қазақстан" телеарнасында "Таңшолпан" таңғы ақпарат-сазды бағдарламасының тікелей эфирінде Астана қаласы ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығыЭльдорРаимбеков, Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Думан Рахым және Апаттар медицинасы орталығының дәрігері Сәуле Исабек қонақта болды.

Осы тележобада суда болатын төтенше жағдайлардың негізгі себептері, жазатайым жағдайларды болдырмау бойынша жүргізіліп жатқан шаралар және суға шомылу кезеңінде демалушылар арасында суда шомылу қауіпсіздігі туралы айтылды.

Суда болатын ТЖ себептері туралы ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Эльдор Раимбеков толығырақ айтып берді. Негізінен бұл өз күштерін бағаламау, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру, суға мас күйінде шомылу екенін түсіндірді. Суға түсу температурасы да маңызды рөл атқарады, ол +18°С төмен болмауға тиіс. Егер су температурасы төмен болса, шынықпаған адамның сіңірі тартылып қалады, бұл кейіннен орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.

Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Думан Рахым адамды суда қалай құтқару керектігі туралы айтты.

- Суға батқан адамды құтқару кезінде жылдам әрекет ету өте маңызды, шұғыл шара қолданған жағдайда тәуекел аз болады, себебі суға батқан адамның миы  қан айналымының бұзылуы әсерінен зақымдалады. Егер суға батушы әлі де күшін жоғалтпай, естен танбаған болса, оған арқанның  ұшын, құтқару шеңберін немесе басқа да жүзу құралдарын лақтырыңыз,- деді Думан.

Апаттар медицинасы орталығының дәрігері Сәуле Исабек егер адам есінен танып қалса, алайда  дем алып және тамыры соғып тұрса қандай іс-қимылдар жасау керектігін түсіндіріп, түсінікті болу үшін аталған іс-қимылдарды қуыршаққа көрсетті.

- зардап шегушінің басын шалқайтып, оның төменгі жағын выдвиньте;

- тізеңізге қойып,зардап шегушіні өзіңіздің бүгілген тізеңіздің үстіне жатқызыңыз,

- зардап шегушінің аузын тазалаңыз;

- асқазаны мен өкпесінен суды шығару керек;

- егер адам тыныс алмай жатса, қолдан тыныс алдыру қажет.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін судағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді.

IMG_20180626_093824 IMG_20180626_094734

Астана қаласы ТЖД ТЖЖБ


 
Система Orphus