Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

PDF Баспаға жіберу
02.07.2018 10:04

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Астана қаласы)» мемлекеттік мекемесі, индекс 010000, Астана қ. Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы 4, электрондық мекен жайы: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек , анықтама телефондары: 8 (7172) 94-99-07, 94-99-08, факс: 94-99-28, азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің бос орындарды толтыруға конкурс жариялайды:

1. С-SV-13 (С-SV-12) санаты бойынша өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі (мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі)  лауазымына – 64 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  50400 теңгеден бастап.

Лауазымдық нұсқаулығы: өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған,  ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес. Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органдарда жеке қасиеттерін бағалаумен қоса, Қазақстан Республикасы заңнамасын білуіне тестілеуден өтеді.

2. С-SV-13 (С-SV-12) санаты бойынша өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері (мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің аға жүргізуші-қызметкері) лауазымына – 46 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 50400 теңгеден бастап.

Лауазымдық нұсқаулығы: өрт орнына жеке құрамды және өрт сөндіру заттарын уақытылы және қауіпсіз жеткізу және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, бекітілген автомашинаның техникалық-жөндеу жағдайын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: жасы 35 жастан аспаған,ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес. «В, С, С1» санатты жүргізуші куәлігінің болуы. Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органдарда жеке қасиеттерін бағалаумен қоса, Қазақстан Республикасы заңнамасын білуіне тестілеуден өтеді.

3. С-SV-12 санаты бойынша №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға байланыс шебері лауазымына – 1бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 56099 теңгеден бастап.

Лауазымдық нұсқаулығы: өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметтен өткен немесе дереу әскери шақыртылудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі - орта білімнен төмен емес. Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органдарда жеке қасиеттерін бағалаумен қоса, Қазақстан Республикасы заңнамасын білуіне тестілеуден өтеді.

4. С-SV-13 санаты бойынша (3 жасқа толғанына дейінгі бала күтіміне демалыс кезеңінде) № 10, 16 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің және өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы лауазымына – 2 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 50400 теңгеден бастап.

Лауазымдық нұсқаулығы: өрт және авариялық-құтқару жұмыстары туралы хабарламаларды қабылдау және қарастыру. Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшелерін уақытылы жіберу.

Конкурсқа қатысушыларға талап: жасы 35 жастан аспаған, білімі - орта білімнен төмен емес. Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органдарда жеке қасиеттерін бағалаумен қоса, Қазақстан Республикасы заңнамасын білуіне тестілеуден өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
(Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады).

Құжаттар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады.

Құжаттарды қабылдау орны: Астана қ. Бөгенбай батыр даңғылы 4,

3-ші кабинет (кадр жұмысы бөлімі).