Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қалалық су қоймалары бойынша кезекті рейд

Қалалық су қоймалары бойынша кезекті рейд

PDF Баспаға жіберу
02.07.2018 11:16

20180630_150807

Алматы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен бірлесе отырып, Алматы ауданы аумағында орналасқан тыйым салынған су қоймалар бойынша рейдтік жұмыстарын ұйымдастырды.

Шомылуға тыйым салынған орындар бойынша рейд жүргізу кезінде тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. Осы рейдтің негізгі мақсаты адам өмірін сақтап қалуға бағытталған.

Егер әр адам өз қауіпсіздігін өзі ойламаса, онда біздің тарапымыздан жүргізіліп жатқан барлық жұмысымыз зая кеткені... Сондықтан шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн. Бір сөзбен айтқанда, өткізілген іс-шаралар - бірлескен жұмыс нәтижесі.

Суға шомылу, демалу кезінде қайғылы жағдайларға душар болмау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, немқұрайлықтың құрбаны болмаңыздар.

  IMG-20180630-WA0054 IMG-20180630-WA0062

IMG-20180630-WA0060


Астана қаласы ТЖД Алматы ауданының ТЖБ



 
Система Orphus