Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Балалар үшін арналған қуаныш

Балалар үшін арналған қуаныш

PDF Баспаға жіберу
04.07.2018 09:20

IMG_2636

Қазақстан Республикасы елордасының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында Астана қаласында ағымдағы жылдың 28 маусымы мен 2 шілде аралығында «Бүгіннің баласы – болашақтың данасы» атты ата-аналарының қарауынсыз қалған балаларға арналған Республикалық фестиваль өткізілді. Аталған фестивалға Қазақстаннның түпкір-түпкірінен 300 жуық бала жиналды. Елордаға келу әр-бір бала үшін осы жаздың ең маңызды оқиғасы болып қала бермек. Жасөспірімдер қаланы аралау және қаланың көз тартарлық нысандарын қарау кезінде көптеген оң эмоциялар мен позитивті көңіл күй алды.

Өз кезегінде ҚР ІІМ «Бақытты балалық шақты қорғау» имидждік жобасын іске асыру шеңберінде Астана қаласы ТЖД қызметкерлері фестиваль қатысушыларымен танысу және кездесу кешін ұйымдастырды. Балалар үшін ойындар және викториналар ұйымдастырылып, адамдардың жаппай келетін нысандарында өрт орын алған кезде адамдарды эвакуациялау, сонымен қатар төтенше жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы жәрдемді көрсету әрекеттері пысықталды. Іс-шараны ұйымдастыру кезінде балаларға естелік сыйлықтар, ҚР ІІМ ТЖК эмблемасы бар футболкалар, бейсболкалар және қаламдар табысталды. Балақайлар берілген сыйлықтарды қуана алып, футболкалар мен бейсболкаларды киіп көріп, бір сәтте өздерін құтқарушылардай сезініп, бір біріне алғашқы медициналық көмек көрсетуді сынап көрді, төтенше жағдай орын алған кездегі іс-әрекеттер бойынша өздерінің білімдерімен бөлісті.



IMG_2531 IMG_2585  

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау бөлімі

Б. Рахымбаев


 
Система Orphus