Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Судағы қауіпсіздік бойынша брифинг өткізілді

Судағы қауіпсіздік бойынша брифинг өткізілді

PDF Баспаға жіберу
10.07.2018 03:33

IMG_0184

Астаналық ТЖ департаменті Орталық аймақтық жедел-құтқару жасағымен бірлесе бұқаралық ақпарат құралдарын қатыстырумен суда шомылу қауіпсіздігі бойынша   брифинг өткізді.

Суға шомылу кезеңі басталымен астаналық жағажайда құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылады. Суға түсетін жағажай қалыпқа келтіріліп, жаппай суға шомылу басталады.  

Алайда жоғары кезеңді дайындық болса да адамдардың басым бөлігі  суға шомылуға жабдықталмаған жерлерде суға кетіп жатады. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі судағы қауіпсіздік ережесін бұзудан болады.

Суға шомылу маусымы басталысымен су қоймаларында 8 адам қаза тапты, оның 5-і балалар.  Былтыр 2017 жылы осы мерзіммен салыстырғанда 12 адам қаза тапқан оның 1-і бала.  Биыл құтқарушылар судан 4 адам құтқарса оның 1-і бала, былтыр  – 3 адам құтқарылған.

Барлық суға кету жағдайлары суға шомылуға жабдықталмаған жерлерде және балаларды қараусыз қалдырудан болып отыр.

Департамент жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе әрдайым рейдтік жұмыстар жүргізіліп отырады, рейд кезінде 17 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 440 бап бойынша (ішімдік ішу) -11 факт,     364 бап бойынша (суға шомылуға рұқсат етілмеген жер) - 6 факт тіркелді.   5 факт бойынша жергілікті полиция қызметкерлерімен әкімшілік хаттама жасалды.   Әкімшілік жазаға тарту үшін 10 адам куәландыру үшін наркологияға   жеткізілді.

Рейдтік шаралар кезінде Департамент қызметкерлерімен дауыс зорайтқыштар белсенді түрде қолданылады.  Дауыс зорайтқыш күшімен суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерден адамдардың кетуін талап етуге, сонымен қатар ересек адамдардың балаларды әрдайым  бақылауда ұстауын ескертеді.

Бұнымен басқа рейд кезінде ескерту парақшалары таратылып, профилактикалық әңгімелер жүргізеді.   Барлығы 21 рейд өткізіліп, 950 ескерту парақшалары таратылды.

Судағы негізгі қауіпсіздік шаралары:

- суға шомылатын орындардың жабдықталуы және дұрыс таңдау;

-суға шомылу кезінде және жүзу құралдары мен серуендеуде жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтау.

Судағы қауіпсіздік негізгі шарттары болып табылады.

Суға шомылу кезінде

- Қалқымалар, бакендергеескерту белгілеріне шығуға;

- Суға көпірлерден, бөгеттерден, қайықтардан мен катерлерден секіруге;

- Өтіп бара жатқан катерлерге, қайықтар мен кемелерге қарай жүзу;

- Спирттік ішімдіктерді ішу;

- Жүзугебөлінбегенжерлергешомылу;

- Қоршау белгісінен әрі жүзуге тыйым салынады

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі және төмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайлар тұғызбауы туралы еске салады.

 IMG_0207 IMG_0210 IMG_0214


 
Система Orphus