Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Судағы адам қазасының негізгі себебі – қауіпсіздік қағидасын сақтамау

Судағы адам қазасының негізгі себебі – қауіпсіздік қағидасын сақтамау

PDF Баспаға жіберу
10.07.2018 10:38

IMG-20180707-WA0013

Суға шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздік шараларының алдын алу шеңберінде Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Алматы» ауданының су айдындарындағы қайғылы жағдайлар мен адамдардың жарақаттануын болдырмау мақсатында рейд жүргізді.

Су айдындарын аралап, рейд жүргізу барысында адамдарға суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы жаднамалар таратылады, адамдар жаппай суға шомылатын орындардағы тәртіп туралы түсіндіріледі.

Сонымен қатар су айдындарындағы ересектер мен балалардың қауіпсіздік қағидасын сақтауы туралы дауыс зорайтқыш арқылы құлақтандыру ұйымдастырылды. Бұрын орнатылған тыйым салу белгілерінің жай-күйі мен  бар-жоқтығына тексеру жүргізіледі.

Судағы адам қазасының негізгі себебі – азаматтардың жеке абайсыздығы, рұқсат етілмеген орындарда суға шомылуы, мас күйде суға түсуі және жүзе білмеуі.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Сондай-ақ рұқсат етілмеген орындарда суға шомылу ішкі істер органдарының әкімшілік ықпалына әкеліп соғатынын ескертеміз.


  IMG-20180707-WA0018 IMG-20180707-WA0027

Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданының ТЖБ



 
Система Orphus