Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық құтқарушылар ер адамды құтқарды

Елордалық құтқарушылар ер адамды құтқарды

PDF Баспаға жіберу
23.07.2018 11:41

IMG_4358

Елордалық Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері 20 шілдеде Бейбітшілік көшесіндегі «Легкий шаг» аяқ киім дүкенінде болған өртті сөндіру кезінде ер адамды құтқарды.

Шақыру орнына 5 минут ішінде №1 ӨСБ, №2 МӨСБ-нің кезекші қарауылының өрт сөндірушілері мен өрт сөндірудің кезекші қызметі жедел түрде келіп жетті.

4 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан «Легкий шаг» аяқ киім дүкенінен түтін шыққан. Түтін кіреберіс пен пәтерлерге тарап үлгерген. Үй тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Тез арада әрекет ету қажет болды.

№2 МӨСБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Р.А.Акишев жағдайды бағалай келе, күштер мен құралдарды адамдарды құтқару мен эвакуациялауға жұмылдырды, газ түтіннен қорғау қызметінің 2 буыны құрылды. Дүкенде өрт ошағы мен адамдардың болуына бір мезгілде барлау жүргізілді.

Жеке құрамның кәсіби сауатты және үйлесімді іс-қимылдары, дұрыс таңдалған шешуші бағыт нәтижесінде тұрғын үйдің кіреберісінен қауіпсіз аймаққа 7 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды. Газ түтіннен қорғау қызметінің буыны №2 МӨСБ командирі аға сержант Ж.Жәкеновтің басшылығымен құтқару бетпердесі көмегі арқылы  №46 пәтерде тұратын 1955 жылы дүниеге келген ер адамды құтқарды.

Жалпы аумағы 15 шаршы метрді құраған өрт жарты сағат ішінде оқшауланды. Өрт сөндіруге  жеке құрамнан 20 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.

IMG_4355  

Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ баспасөз қызметі



 
Система Orphus