Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Балалардың қауіпсіздігі бәрінен жоғары

Балалардың қауіпсіздігі бәрінен жоғары

PDF Баспаға жіберу
27.07.2018 03:46

Жыл сайын елімізде жазатайым оқиғалардың салдарынан жүздеген бала қаза болады. Көп жағдайда балалардың қаза болуына олардың үлкендердің қарауынсыз қалуы себеп болады.

Қазіргі қоғамда өскелең ұрпақтың тәрбиесіне қатысты мәселелермен қатар, балалардың психологиясына әсер ететін көптеген факторлар бар. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы, ең алдымен  ата-анаға байланысты. Олар тәрбиелеу процесінде балаларға жаман мен жақсыны ажырата білуге, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге, өмірді, қоршаған ортаны және өзін сүюді, кез келген жағдайда өзін ұстай білу дағдыларын үйретеді.


Біздің қоғамда көптеген балалардың ата-ана мейіріміне зәру екендігі құпия емес. Біз үнемі асығамыз, бала тәрбиесімен өз деңгейінде айналыспаймыз, бос уақытымызды өзге де нәрселермен толтыруға тырысамыз, оларды мектепке және балабақшаға бере отырып, балаға деген өз жауапкершілігімізді ұстаздар мен тәрбиешілер қауымына жүктеп қоямыз.

Осыған байланысты Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өскелең ұрпақ алдындағы үлкендердің жауапкершілігі тақырыбын қозғайтын  әлеуметтік бейнероликті жарыққа шығарды.


Астана қаласы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы


 
Система Orphus