Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты АНОНС 16.08.2018

АНОНС 16.08.2018

PDF Баспаға жіберу
16.08.2018 19:56

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 17 тамызда «Изумрудный квартал» БО-нан адамдарды толық эвакуациялау арқылы өрт-тактикалық оқу-жаттығуын жүргізеді.

Негізгі іс-қимылдарды Өрт сөндіру қызметінің  өртке қарсы бөлімше жауынгерлері мамандырылған техникаларды жұмылдыра, өрт сөндіру құралдарын қолданып және адамдарды құтқара отырып орындайды.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – БО қызметкерлерінің қалалық ТЖ қызметтерімен өзара әрекеттері, техникалық жабдықталуын және құлақтандыру жүйесін сынақтау, адамдарды ғимараттардан эвакуациялау бойынша үйлесімді жұмысты ұйымдастыру болып табылады. Осындай оқу-жаттығуларға қатысу адамдарға қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ТЖ кезіндегі қағидаларды үйренуге көмектеседі.

Оқу-жаттығудың басталу уақыты сағат 16.00 «Изумрудный квартал» БО (блок А), Қонаев көшесі, 10.

ТЖД  Баспасөз-қызметі

Байланыс телефондар:

55-96-60

+77472324102 Раушан


 
Система Orphus