«Байқоңыр» ауданы аумағындағы су басуы ықтимал учаскелерді аралау

Баспаға жіберу
18.08.2018 05:37

IMG_9080

Ағымдағы жылғы 16 тамызда су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде Астана қаласы ТЖД "Байқоңыр" ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері  аудан әкімі аппаратымен және коммуналдық қызметтермен бірлесіп, аудан аумағындағы су басуы ықтимал учаскелерде тексеру жұмыстарын жүргізді.

Комиссиялық аралау барысында Өндіріс, Кирпичный, Промзона тұрғын алқаптарын, Ақбұлақ және Сарыбұлақ арналарын тексеру жүргізілді. 

Қорытындысында 10 учаске анықталды. Бұған қоса су бұру арықтарын, нөсерлі кәріз жүйелері мен кешендерін, құрылыстарды тазарту жұмыстарын қалыптастыру тәртібімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде «Көктемде су тасқынынан адамдарды және аудан аумақтарын қорғау бойынша шаралар туралы» Жол картасы жобасына енгізу үшін су тасқынына қарсы кешенді іс-шаралар пысықталды.

IMG_8983 IMG_9060   

Астана қаласы  ТЖД "Байқоңыр"ауданы ТЖБ