Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Өмірге аттаған алғашқы қадам

Өмірге аттаған алғашқы қадам

PDF Баспаға жіберу
28.08.2018 09:39

IMG-20180828-WA0015

«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының шеңберінде Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы ТЖБ қызметкерлері 1 қыркүйек қарсаңында Астана қаласындағы көп балалы отбасыларына барып, балаларды құттықтап қайтты.

Кішкентай балалар үшін биылғы бірінші қыркүйек мерекесі өте маңызды, себебі дәл осы күні олар мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отыр.

Басқарма қызметкерлері өз бастамаларымен мектеп табалдырығын аттағалы отырған әр балаға сыйлықтар сыйлады. Оларға 1-сынып оқушысына қажетті барлық оқу-құралдары салынған мектеп сөмкесін тарту етті. Балалар елордалық құтқарушылардың жылы сөздері мен ыстық ықыласына, пайдалы да қажетті сыйлықтарына алғыстарын білдірді.

Қамқорлық пен махаббатқа тек жақын адамдар мен туғандарың ғана зәру емес, бар назарымызды балаларға аударғанымыз жөн. Бала – өміріміздің гүлі, біз оларға бар ынта-ықыласымызды, қамқорлығымызды, уақытымызды арнауға, олардың болашағын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Балаға кішкентай сыйлықтың өзі шексіз қуаныш сыйлайды, олар бұл сәтті мәңгі жадыларында сақтайды. Өйткені жақсылық пен мейірімділік, адамгершілік белгілері әрбір адамның жүрегінде сақталатыны сөзсіз.


IMG-20180828-WA0003 IMG-20180828-WA0010  

Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы ТЖБ


 
Система Orphus