Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Өрт қауіпсіздігі айлығы

Өрт қауіпсіздігі айлығы

PDF Баспаға жіберу
10.09.2018 11:05

0ysB9sX7_KY

Күз мезгілі келісімен, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері  жыл сайын «Өрт қауіпсіздігі айлығын» өткізеді.

Өрт қауіпсіздігі айлығы шеңберінде ағымдағы жылғы 8 қыркүйекте Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Пригородный», «Заречный», «Тельман» ТА-да  жаппай аралау жұмыстарын жүргізді.

Сонымен бірге тұрғын үй секторларын аралау кезінде құлақтандыру автокөлігі жұмылдырылды. Аралау кезінде осы автокөліктегі дауыс зорайтқыш құрылғысы арқылы тұрғындарға күнделікті тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар, пешті қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт кезіндегі  іс-әрекеттер, көмекші құралдармен өрт сөндіру тәсілдері туралы жеткізілді.

Тұрғын үй секторларын аралау кезінде отты абайсыз қолдануға жол бермеу, электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне, тұрғындардың тұрғын жайда газ баллон қондырғылары мен жылыту пештерін орнату және ұстау кезінде өрт қағидалары мен талаптарын сақтауына айрықша көніл бөлінеді.

«Өрт қауіпсіздігі айлығын» өткізудің негізгі мақсаты - өрттің пайда болуына жол бермеу, сондай-ақ олардың салдарын жою және алдын алу,  халық арасында өрт-техникалық білімді насихаттау, азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін және өрт қауіпсіздігі саласындағы білімін арттыру.

Q4u5aPCtgaQ ZPT9kAm4XbE


Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданының ТЖБ


 
Система Orphus