Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Балаларды бақылау!

Балаларды бақылау!

PDF Баспаға жіберу
19.11.2018 11:19

2

Әрбір ересек адам, ең бастысы ата-ана баланы қараусыз қалдырудың салдары жағымсыз, ал кейде қайғылы жағдайға да әкелу мүмкіндігін түсіну қажет. Осындай жағдайлардың мысалдары аз емес.

Әр маусымның, қыс, жаз және шомылу маусымы болсын өз қауіптері бар. Мысалға күз-қыс немесе көктем кезеңдерде қатпаған мұз астына түсіп, батып кету қауіпі бар.

Күнделікті жұмыспен айналасу кезінде балаларды бақылау мүмкіндігі болмай қалған жағдайлары болады. Осындай оқиғалардың бірі ағымдағы жылдың сәуір айында Есіл өзенінің Сарыарқа даңғылы маңайында орын алды. Онда 2,5 жасар бала ересектердің қарауысыз қалып, өзенге шығып мұз астына түсіп кеткен. Жақсылыққа орай оқиға «Орталық өңірлік аэромобилді жедел құтқару жасағы» ММ маңайында орын алды, соның құтқарушылары уақытылы көмекке келді. Сонымен қатар өтіп бара жатқан адамдар да баланы құтқаруға ат салысты. Нәтижесінде бала құтқарылып, "пневмония" диагнозымен № 2 Қалалық балалар аурыханасына жеткізілді.

Осыған байланысты Астана қаласы ТЖ департаменті ата-аналарға өз балаларды үнемі қадағалау қажеттілігі туралы тағы да еске салады және де балаларды кішкентай кезден бастап абай болуды, әрбір жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтауды үйретуге шақырады.

Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері:

-        Жұқа және толық қатпаған мұз үстіне шығуғп тыйым салынады;

-        топ құрып мұздың бір аумағында жиналманыз;

-        мұздың жарық жерлеріне жақындаманыз;

-    мұздың үстіне қараңғы уақытта шықпаныз.

1  3

ОЛЧС ДЧС г. Астана