Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Жаңа жыл қарсаңындағы профилактикалық шаралар

Жаңа жыл қарсаңындағы профилактикалық шаралар

PDF Баспаға жіберу
08.12.2018 03:17

WhatsApp Image 2018-12-07 at 16.11.27(1)

Жаңа жыл қарсаңында біздің азаматтар жаңа жылды барынша жақсы қарсы алуға тырысады, сондықтан оған дайындалу көп уақытты талап етеді.

Сонымен бірге өрт статистикасына сүйенетін болсақ, жаңа жылдық кезеңде олардың саны артады. Мереке күндерін ұйымдастыру мен өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау, тек жарақаттанудың алдын алып қана қоймай, сондай-ақ Жаңа жылды қауіпсіз қарсы алуға мүмкіндік береді.

Мұндай оқиғалардың басым көпшілігі тұрғын үйлерде орын алатынын ескеру керек. Статистика бойынша өрттің 70%-ы тұрғын үйлер аудандарында орын алады, мереке күндері бұл көрсеткіш 82-85%-ға өседі.

Жаңа жылды қарсы алу қайғылы оқиғамен аяқталмауы үшін пиротехникалық өнімдерді қолданғанда, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет. Жаңа жылдық мерекелер өтетін объектілердің әкімшілігіне ерекше жауапкершілік жүктеледі.

Осыған байланысты «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері Жаңа жылды қауіпсіз өткізу бойынша жергілікті атқарушы органдар мен мерекелік безендіруге жұмылдырылатын кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

WhatsApp Image 2018-12-07 at 15.56.16

Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы ТЖБ


 
Система Orphus