Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қауіпті улы газ

Қауіпті улы газ

PDF Баспаға жіберу
09.01.2019 10:22

Газдың бірқатар артықшылықтары бар, олар: толығымен жанады, отынмен салыстырғанда, арзанырақ және тасымалдауға ыңғайлы. Сонымен қатар газдың өрт қауіптілігі жоғары.

Кең таралған тұрмыстық газ баллондары автокөлік газ станцияларында толтырылады, кез келген ауа-райына қарамастан, кейде мұны мамандандырылмаған жеке тұлғалар жүзеге асырады және газ баллондарын тасымалдауға арнайы бейімделмеген көліктермен жүзеге асырылады. Мұның барлығы авариялық жағдайлар қаупінің өршуіне әкеп соғады.

Өзіңді және қоршаған ортаны қауіпсіздендіру үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Тұрмыстық газ жарылмау үшін ол ауамен араласуы қажет. Ең қауіпті қоспа 30-дан 70 %-ға дейінгі газдың жиналуы болып табылады.

Бұл жағдайда тез арада газдың шығуын тоқтату қажет.

Электр тоғын қолдануға болмайтынын есте сақтаған жөн (жарықты қосу немесе өшіру және басқа да электр құрылғыларын пайдалану), ашық отты пайдалануға және темекі шегуге болмайды. Бір мезгілде ғимаратты толығымен тексеру керек. Әр баллонды ауыстырғанда, міндетті түрде сабын көпіршігін қосу арқылы (отпен емес) тексеру жүргізу қажет. Осыдан кейін ғана газды қосуға болады, баллонның кранын әр қолданған сайын бекітуді ұмытпау керек.

«Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру мақсатында қауіпсіздік шараларын сақтау туралы іс-шараларды ұдайы өткізіп келеді. Үйлерді аралау, шет аймақтарға шығу, БАҚ құралдары мен ғаламтор-кеңістігін пайдалану және тағы басқалар.

Атқарылып жатқан алдын алу шараларына қарамастан, тұрғындардың қауіпсіздік шараларын елемеуіне байланысты зардап шегушілер де азаймай, оның құрбаны кейде қорғансыз және кішкентай балалар болып отыр.

Жоғарыдағыларды ескере отырып, «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері міндетті түрде келесі талаптарды орындауды ұсынады:

- жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдырмау қажет;

- мектеп жасына дейінгі балаларды, қарт кісілерді және мас күйдегі адамдарды газ құрылғыларына жақындатпаған жөн;

- басқа да жұмыстар үшін газ және газ құрылғыларын пайдаланбау. Газ плитаны бөлмені жылыту үшін пайдаланбаңыз. Газ құбырына жіп байламаңыз, қыздырғыштарда киім және шаш кептірмеңіз;

- плита үстіне немесе плитаға жақын жерге тез тұтанғыш заттарды қоймаңыз, мысалға қағаз, шүберек және т.б.;

- газ құрылғыларына өзгерістер енгізбеңіз.

- газ құрылғылары орнатылған үй-жайларды ұйықтау және демалу үшін пайдаланбаңыз.

 газ баллон

Астана қ. ТЖД «Алматы» ауданы ТЖБ


 
Система Orphus