Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Автокөліктің қауіпсіздігі

Автокөліктің қауіпсіздігі

PDF Баспаға жіберу
11.01.2019 15:55

AHCK6032

Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖБ қызметкерлері «Автокөліктегі қауіпсіздік» акциясы аясында Астана – Қостанай трассасы бойынша МАИ бекетінде үгіт-профилактикалық жұмысын жүргізді.

Жүргізушілермен рейд және нұсқамалар  жүргізілді. Автокөлік иелеріне  автокөліктегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы және автокөлікте өрт болған жағдайда қандай іс-шара қабылдау керек екенін ескертті.

Құтқарушылардың түсіндіруі бойынша автокөлік өрттерінің негізгі себебі – жүргізушілердің көліктерінің ақауына немқұрайлы қарауы, уақтылы тексеруден өткізбеуі болып табылады. Сол себепті автокөлік иелеріне және жүргізушілерге көліктерінің барлық электр жабдықтарының жарамдылығын мұқият қадағалау қажет екенін тағы бір мәрте ескертті. Капоттың астын, қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын жиі тексеру керек. Егер отын орнына газ қолданылса, онда үнемі газ қондырғысын тексеріп отырған жөн. Көлік ішінде жарамды өрт сөндіргіш құралын ұстау.

Басқарма қызметкерлері өртті сөндіру үшін қандай шара қолдану керек екенін түсіндірді. Көлік ішінде бензин иісін, сымдардың жануын, капотынан шығып жатқан түтінді көрсеңіз, міндетті түрде көлікті тоқтатып, сөндіріп, көлік ішінде адамдар болған жағдайда адамдарды сыртқа шығарып, «101» нөмірі бойынша  өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалу қажет. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін өз күшіңізбен қолда бар өрт сөндіргіш құралын немесе қатты матаны пайдалана отырып өртті сөндіруге тырысу қажет. Көліктің астына төгілген отынды сөндіруде өрт сөндіргішті қолданыңыз, шетінен өрт шыққан ошақтың ортасына қарай көбік немесе ұнтақты шашу арқылы сөндіруге кірісіңіз. Өрт сөндіргішті пайдаланыңыз немесе тығыз матаны қозғалтқышқа қойыңыз. Қозғалтқышты сумен сөндіруге болмайды! Су электр сымдарының қысқа тұйықталуын немесе жанып жатқан бензиннің таралуын тудыруы мүмкін.

Құтқарушылар атап өткендей, бұл ұсыныстар өзіңді және жолаушыларды көліктегі өрттен сақтау үшін жеткілікті.

MCQI1087 XPCF7254

IMG_9097

Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖБ


 
Система Orphus