Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Шоқыну мерекесі қарсаңындағы қауіпсіздік туралы

Шоқыну мерекесі қарсаңындағы қауіпсіздік туралы

PDF Баспаға жіберу
11.01.2019 16:05

iIS77QY49

Христиандық Шоқыну мерекесі жақындап келеді. Ағымдағы жылғы 18-19 қаңтар аралығында көптеген адамдар ойықта шомылу арқылы Шоқыну мерекесін тойлайды.

Астана қаласында Шоқыну мерекесіне орай Есіл өзенінде (ТК «Гранд Алатау» ТК  және Самал ықшам ауданындағы) екі ойық жабдықталатын болады. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЖД, ОӨАЖҚЖ және АМО бөлімшелерінің жеке құрамынан 37 адам, 6 бірлік техника және 2 қарда жүргіш көлігі, сондай-ақ Полиция департаментінің, медицина және жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері кезекшілікті жүзеге асыратын болады.

Жүйелі түрде мұзойыққа түсу ағзаны сауықтыруға ықпал етеді,  ал жылына бір рет ойыққа түсу ағза үшін қатты күйзеліс болып табылады. Астана қаласы ТЖД Шоқыну кезінде ойықта шомылудың мынадай қағидаларын ескертеді.

Мұзойыққа түсу нұсқаушыларының бақылауымен жағалаудың жанында арнайы жабдықталған ойықтарда суға шомылу керек.

Суға шомылар алдында түрлі жаттығуларды жасай отырып, денені қыздыру қажет.

Аяқтың сезімталдығын жоғалтпау үшін, ойыққа ыңғайлы, тайғанақ емес және оңай сырғитын аяқ киіммен бару керек. Ойыққа жету үшін ең дұрысы бәтеңке немесе жүн шұлықты қолданған жөн. Аяқты өткір тастар мен тұздан қорғайтын, сондай-ақ мұзда сырғанамайтын арнайы резеңке аяқ киімді  қолдануға болады. Есіңізде болсын, ойыққа баратын жол тайғақ болуы мүмкін. Ол жерден баяу және мұқият өтіңіз.

Суға түсуге арналған баспалдақтың берік бекітілгенін қадағалаңыз. Сақтану үшін тораптары бар берік қалың арқанның шетін жүзушілер оның көмегімен судан шыға алатында түсіріңіз. Арқанның қарама-қарсы ұшы жағаға сенімді бекітілуі тиіс.

Ойыққа баспен сүңгімеңіз. Суға баспен секіруге болмайды, себебі ол температураның жоғалуын арттырады және суықтан есеңгіреп қалуыңыз мүмкін.

Жалпы ағзаның салқындауын болдырмау үшін ойықта 1 минуттан артық тұрмаңыз.

Егер балаңыз сізбен бірге болса, оны ойыққа шомылған кезде бақылаңыз. Қорқып қалған бала жүзе алатынын оңай ұмытуы мүмкін.

Тек сақтық шараларын мұқият сақтаған жағдайда ғана мұздай суға шомылу кезіндегі жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын аласыз.

 getImage[1]

 IMG-20160119-WA0002

Астана қ. ТЖД ТЖЖБ


 
Система Orphus