Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық құтқарушылар 11 адам мен итті құтқарды

Елордалық құтқарушылар 11 адам мен итті құтқарды

PDF Баспаға жіберу
14.01.2019 06:51

IMG-20190112-WA0019 Астанада өрттен құтқарып қалудың кезекті жағдайы орын алды. Жанып жатқан пәтерден 11 адам мен ит құтқарылды.

11 қаңтарда 17 сағат 04 минутта 101 өрт байланысы орталық пунктіне Сығанақ көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткенде, 4-қабаттағы пәтерде үй жиһаздары мен киім-кешектердің жанып жатқаны анықталды. Адамдардың өміріне қауіп төнді, адамдарды эвакуациялау және барлау жұмыстары үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны ұйымдастырылды.

Өрт сөндіру қызметінің 16-МӨСБ өрт сөндірушілерінің жедел әрекет етуі мен үйлесімді іс-қимылдары, сондай-ақ өрт болған орында сапалы барлау жұмысын жүргізу мен шешуші бағытты дұрыс анықтай білуінің  арқасында 11 адам құтқарылды. Адамдарды құтқарумен қатар жанып жатқан пәтерде қалған итті құтқару бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Өрт 17 сағат 19 минутта ауыздықталып, 17 сағат 25 минутта толықтай жойылды, өрттің ары қарай таралуына жол берілмеді.

Төтенше жағдайлар күтпеген жерден орын алуы мүмкін, сол себепті тосын жайттарға әрқашан дайын болу керек! Өрттің шыққанын байқаған болсаңыз, іле-шала 101 нөміріне қоңырау шалыңыз!

IMG-20190112-WA0017

Астана қаласы ТЖД

баспасөз қызметі


 
Система Orphus