Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты №1 Балалар музыка мектебі қызметкерлері мен оқушыларына өткізілген сабақ

№1 Балалар музыка мектебі қызметкерлері мен оқушыларына өткізілген сабақ

PDF Баспаға жіберу
18.01.2019 07:24

Рисунок1

Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімінің қызметкерлері №1 Балалар музыка мектебінде мекеме қызметкерлеріне «Жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлердің салдарын жою» және «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» мәселелеріне қатысты сабақ өткізді.

Сабақ барысында өрт пайда болған кездегі қызметкерлердің іс-қимылдарының негізгі ережелері, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану және терроризм актісі нәтижесінде ғимарат конструкцияларының құлауы, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектіге келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялау ережелері түсіндірілді.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, қызметкерлер қойылған сұрақтарға толық әрі нақты  жауап берді. Жиынға барлығы 50-ден астам адам қатысты.


Рисунок 2 

Астана қ.ТЖД ТЖЖБ


 
Система Orphus