Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Білім беру объектілердің өртке қарсы жағдайы туралы жиналыс

Білім беру объектілердің өртке қарсы жағдайы туралы жиналыс

PDF Баспаға жіберу
28.01.2019 06:42

IMG_7004

Тәуекел дәрежесін бағалай критерияларына сәйкес жыл сайын ақпан мен мамыр аралығында білім беру объектілерінде өрт қауіпсіздігі талаптары мен нормаларын сақтау бойынша тексерістер жүргізіледі. Осы тұрғыда Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Астана қаласы Білім басқармасымен бірлесіп мектеп, балабақша, колледж өкілдерімен кеңес өткізді. Сонымен қатар аталған іс-шарада білім беру объектілерін күзететін ұйымдар да қатысты.

Кеңес барысында білім беру объектілердің өртке қарсы жағдайы бойынша ақпарат жеткізілді. Ұйым басшыларына автоматты өртке қарсы қорғау жүйесін, электр қондырғылар мен заттарын, эвакуациялық жолдарын жарамды күйде ұстау керектігі туралы түсіндірілді.

IMG_6980 IMG_6988 IMG_6995

Астана қаласы ТЖД ӨҚСБжПҚБ


 
Система Orphus