Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты АНОНС 05.02.2019

АНОНС 05.02.2019

PDF Баспаға жіберу
04.02.2019 16:49

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі қағидалары бойынша тұрақты түрде рейдтер, нұсқамалар жүргізеді.

Бүгін түнде «Көктал-1» ТА орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Астана қаласы ТЖД жеке тұрғын секторында өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру және профилактика бойынша рейд өткізуді жоспарлауда.

«Байқоңыр» ауданы аумағындағы жеке тұрғын секторларын аралау сағат 11.00-ге жоспарланған.

Ал сағат 15:00-де рейд «Сарыарқа» ауданы аумағында, атап айтқанда «Көктал-1» ТА өтеді.

Өткізу күні мен уақыты: 2019 жылғы 5 ақпан, сағат 11:00 және 15:00

Жиналу орны: Бейбітшілік көшесі, 22 ТЖД ғимараты

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінің байланыс телефондары: 55-96-60, 8-747-232-41-02 Раушан

Аккредиттеу үшін эл.пошта: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек


 
Система Orphus