Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Балық аулау кезіндегі және мұз үстіндегі қауіпсіздік ережесі және әрқашан нені есте сақтау керек

Балық аулау кезіндегі және мұз үстіндегі қауіпсіздік ережесі және әрқашан нені есте сақтау керек

PDF Баспаға жіберу
13.02.2019 04:29

Қысқы балық аулау көпшілігі үшін хобби ғана емес, өмірлік ұстаным. Әккі балықшылардың көптеген әрекеті автоматтандырылған, оның ішінде мұз бойымен жүрудің өзі, қауіпті учаскелерден аулақ болу мен мұз бетінде өзін-өзі ұстау. Алайда жылдан-жылға қайғылы оқиғалар әлі де болса орын алып тұрады және кейбірі адам қазасымен аяқталып жатады. Мұздағы қауіпсіздік ережесі жалпы адамға бірдей, балықшылар немесе жай серуенге шыққандар үшін де айырмашылығы жоқ. Мұз үстіндегі қауіпсіздік – ол  мұз астына құлауға қарсы әрекеттер ғана емес. Мұз астына құлаудан басқа, қысқы балық аулау кезінде одан да басқа қауіпті факторлар бар.

Қысқы балық аулау кезінде мұз үстіндегі қауіпсіздік ережесі жайдан-жай ойдан шығарылған жоқ, олар алдында қауіпті жағдайларға ұшыраған немесе аман қалмаған адамдардың қайғысы мен бақытсыздығына жазылған. Қыс кезіндегі судағы қауіпсіздік – кешенді ұғым. Мұз беріктігінің осалдығы – жалғыз қауіпті фактор емес. Мұз үстіндегі техника қауіпсіздігі әрбір балықшының есінде «тұруы» тиіс. Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережесі бір сәтте қиын жағдайды шешуге ғана емес, сондай-ақ шұғыл жағдайда аман қалуға мүмкіндік береді. Қыс кезінде мұз үстіндегі қауіпсіздік келесі келеңсіздіктерге әкелмеуге көмектеседі.

  1. Мұз астына құлау, суық тиюге, сонымен қатар адам қазасына да алып келуі мүмкін.
  2. Пештің жану өнімдерінен қысқы шатырда адам қазасына әкелетін тұншығу.
  3. Гипотермия, үсу.
  4. Тайғақ қабатында құлау, соққы алу.
  5. Адасу мүмкіндігі (ауа райының қолайсыздығынан, ірі су қоймаларында не болмаса алкогольдік масаң күйде) жақсы жағдайда – уақыт жоғалту, ал жаман жағдайда – тоңып қалу.

Балықшылар қауіпті түсініп, өз өмірлерін сақтауы қажет.

Астана қаласы ТЖД ТЖАБ

бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Е.Сыздықов


 
Система Orphus