Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Өрт қауіпсіздігі бойынша брифинг

Өрт қауіпсіздігі бойынша брифинг

PDF Баспаға жіберу
14.02.2019 11:03

IMG_1298

Елордада 13 ақпанда "HighVill Kazakhstan" ЖШС көрсетілім-көрме орталығында өрт шықты. Осыған байланысты Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті БАҚ өкілдері үшін бирфинг өткізді. Брифингтің спикері  ретінде Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.Қайсанов сөйледі.

Естеріңізге сала кетейік, 13 ақпанда 21 сағат 11 минутта «101» пультіне "HighVill Kazakhstan" ЖШС жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 5 минуттан соң оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің бөлімшесі келіп жетті. Бірінші күш есебі келіп жектенде, екі қабатты ғимараттың барлық периметрі бойынша қалың түтіннің қарқынды бөлінуімен ашық жану, сондай-ақ ғимараттың ішкі конструкцияларының құлауы орын алғаны анықталды.

Ғимараттың тұрғын үй-жайларының демонстрациялық макеті жанғыш USB-панельдерден, пенопласттан және пластиктен жасалған, сондай-ақ ғимараттың сыртқы әрлеуі Алюкобондтан жасалған, бұлжанудың тез таралуына ықпал еткен.

Өрт сөндірушілердің дұрыс таңдалған шешімі мен үйлесімділігінің арқасында өрт 22 сағат 45 минутта ауыздықталды және 01 сағат 42 минутта жойылды. Өрттің аумағы шамамен 1500 шаршы метрді құраған. Өртті сөндіруге барлығы 25 бірлік техника және жеке құрамнан 95 адам жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шегушілер жоқ.

Өрттің себебін анықтау үшін Астана қаласы Төтенше жағдайлар депратментінің өрт-сынақ зертханасы жұмыс істеп жатыр.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Астана аумағында 102 өрт тіркелді (2018 ж.-112), нәтижесінде 7 адам қаза болды (2018ж.- 3), 6 адам жарақат алды (2018ж.-9).

Өрт санының -8,9% - ға, жарақат алғандардың саны-3% - ға төмендегені, сондай-ақ қаза болғандардың санының +4%-ға өскені байқалады.

Өрттің пайда болуына әкеп соқпаған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде улы газбен улану салдарынан 14 адам жарақат алған, оның ішінде 10-ы бала.

Өрттің негізгі объектісі тұрғын үй секторы  болып табылады, 44 өрт (2018ж.-47), сондай-ақ көлік құралдары 28 өрт (2018 ж. -32). Сонымен қатар бақылаудағы объектілерде 12 өрт тіркелді (2018ж.-19).

Өрттің негізгі себептері: отты абайсыз пайдалану, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

 IMG_1301

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus