Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

PDF Баспаға жіберу
18.02.2019 10:18

Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 18-20 ақпанда бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан желдің жел екпіні 15-20 м/с күтілетіні туралы хабарлайды.

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына:

- мұқият болыңыз, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- құрылыс объектілеріне халықты және аумақты қолайсыз ауа райы жағдайларының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдау; мүмкіндігінше құрылыс объектілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының қызметін шектеу қажет;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

- үйдегі немесе пәтердегі барлық терезелерді мықтылап жабыңыздыр;

- аяқ астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Егерде мұзды «шалшықты» айналып өту мүмкін болмаса, онда оның үстінен шаңғышы сияқты жеңіл адыммен жүріңіз;

- жолдың жүру бөлігінен өту кезінде өте сақ болыңыз:  асықпаңыз, жүгіріп өтпеңіз.

Есіңізде болсын: арқамен, бетпен құлау ең қауіпті, мидың шайқалуы  мүмкін.  Жарақат алған кезде міндетті түрде алғашқы медициналық көмек алу үшін дәрігерге қаралыңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

Астана қаласы ТЖД


 
Система Orphus