Астанада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтеді

Баспаға жіберу
18.02.2019 14:34

2019 жылғы 19-21 ақпан аралығында Астана қаласында өрт сөндіру - құтқару спортынан ерлер арасында XXVII қысқы чемпионат, әйелдер арасында V қысқы чемпионат, жастар арасында IV қысқы чемпионат өтеді. Қазақстанның барлық аймақтарынан (Астана, Алматы, Шымкент қалалары, 14 облыс) 391 қатысушы, 19 команда, сонымен қатар Абылайхан атындағы колледжі және КТИ өз шеберліктерін көрсетеді және чемпион атағына күресетін болатын.

Өрт сөндіру-құтқару спорты  - жеке, топтық сынақта өрт сөндіру практикасында қолданатын әртүрлі тәсілдер кешенін орындау болып табылатын спорттың қызметтік-қолданбалы түрі.

Чемпионанттың ашылу салтанаты 20 ақпанда 10 сағат 00 минутта Астана қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ «Құтқарушы» спорт кешенінде өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2019 жылғы 21 ақпанда 17 сағат 00 минутта «Жастар» сарайында жоспарланған.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінің байланыс телефондары: 55-96-60, 8-701-514-07-06 Аягоз Фазылова, 8-747-232-41-02 Раушан

Аккредиттеу үшін эл.пошта: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

IMG-20190213-WA0004

Астана қаласы ТЖД Баспасөз қызметі