Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Шабуыл сатысымен көтерілу жарысы бойынша бірінші кезеңнің қорытындысы қысқы чемпионаттың жеңімпаздары

Шабуыл сатысымен көтерілу жарысы бойынша бірінші кезеңнің қорытындысы қысқы чемпионаттың жеңімпаздары

PDF Баспаға жіберу
21.02.2019 05:40

IMG_1535

Бүгін «Құтқарушы» спорт кешенінде жарыстың бірінші кезеңі - оқу мұнарасының 2,3,4-қабатына шабуыл сатысымен көтерілу жарысы өтті.

Шабуыл сатысымен көтерілу қорытындысы бойынша ерлер арасындағы жеке біріншілікте Атырау облысы - Николай Буторин чемпион атанды, екінші орынды  Астана қаласы Жасұлан Қайсарбеков және үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысы Дмитрий Снегирев иеленді. Ерлер арасындағы жалпыкомандалық орындар нәтижесі: 1-орын Астана қаласы, 2-орын ШҚО, 3-орын Атырау облысы.

Кіші топтағы жасөспірімдер арасындағы жеке біріншілікте Батыс Қазақстан облысынан келген қатысушымыз Коршак Виктор 7,40 сек жаңа рекорд  орнатты, ал екінші орын Шығыс Қазақстан облысынан келген  Эльдар Авиловке, жүлделі үшінші орын Батыс Қазақстан облысынан келген қатысушы Райымбек Райымқұловқа бұйырды. Орта топтағы жасөспірімдер арасындағы жеке біріншілікте 1-орын – Глеб Снегирев (Шығыс Қазақстан облысы) 7,67 сек жаңа рекорд орнатты, 2-орын Мейір Байболат (Алматы облысы), 3-орын – Артур Азизов (Шығыс Қазақстан облысы). Ересектер арасындағы жеке біріншілікте  1-орынды  Шымкент қ. Бахрам Құдайбергенов,  2-орынды Шымкент қ.  Ильдар Ізбасаров, 3-орынды  Шығыс Қазақстан облысы Даниил Лунин иеленді.

Жасөспірімдер арасындағы жалпы командалық орындар: 1-орын – Шығыс Қазақстан облысы, 2-орын – Батыс Қазақстан облысы, 3-орын – Алматы облысы.

Әйелдер құрама командасы арасында жеке біріншілікте чемпион болып Ақмола облысы А.Астафьева атанды, жаңа рекорд орнатты -7.44 сек., екінші орын Астана қаласынан Е.Гептина және үшінші орын  Шымкент қаласы Н.Саблина. Әйелдер құрама командасында жалпы командалық орындар нәтижесі мынадай:  1-орын – Шымкент қ., 2-орын – Астана қ. және 3-орын – ШҚО. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

21 ақпанда екінші кезең - 100 метрлік жолақтан өту жарысы және чемпионаттың салтанатты жабылуы өтеді.

 IMG_1544 IMG_1548 IMG_1556 IMG_1567 IMG_1570 IMG_1584 IMG_1603 IMG_1623

Пресс – служба ДЧС г. Астана


 
Система Orphus