Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ең үлкен марапат- уақытылы құтқарылған өмір.

Ең үлкен марапат- уақытылы құтқарылған өмір.

PDF Баспаға жіберу
05.03.2019 14:12

Саденова Г. Отпен арпалысу — күш жігері бар, батыл, нағыз ер адамның міндеті.   Алайда әйелдер қауымы үшін де өрт сөндіру ісінде қызмет жетерлік— бұл өрт сөндіру бөлімінің диспетчер қызметкерлері. Олардың бірі – Өрт сөндіру қызметінің Күш құралдарды жедел басқару орталығының жедел басқару орталығының диспетчері азаматтық қорғау сержанты  Саденова Гүлмира Абзаловна. Ол шыдамдылық, жанашырлық, қиын және қажет кезде тез әрекет жасау, сабырлылық пен ұстамдылық көрсету біледі.   Барлық осы қасиеттер нәзік жанды   Гүлмирада бар.

Диспетчер Гүлмираның қызметі беріктігі таңертеңгі Телжан Шонанұлы көшесінде болған өрт кезінде байқалды.          Хабарды қабылдап, азаматтық қорғау сержанты Гульмира Абзалқызы Саденова адамдарға қауіп-қатерін бағалап, өрт орнына қажетті күш пен құралдарды жіберіп, жедел шешімді қабылдады.

Өрт бөлімшелердің шақыру орнына келе жатқан жолын «GPS-навигатор» жүйесі көмегімен түзетті. Радиоалмасуды жүргізіп, қабылдаған ақпаратты «АРМ-диспетчер» бағдарламаға еңгізді. Өрттің нәтижесінде 1 адамның өмірі құтқарылды, 200 адам шығарылды, оның ішінде 50 бала.

Диспетчердің қызметі аз уақытта хабарды қабылдап, алдын-ала жағдайды барлау қажеттілігімен қиын, ең бастысы уақытылы келіп, адам өмірін құтқару кажет.

Міне 10 жыл  Гүлмира Өрт сөндіру қызметінде қызметінде қызмет атқарып, азаматтық қорғау органының дамуына өз үлесін қосып келеді.   Бос уақытында отбасымен және ұлының тәрбиесімен айналысады.

Қызметте олар - диспетчерлер. Қатаң, жауапты және ерікті, ал үйде сүйікті әйел және қамқор ана  — ақ пейіл, нәзік, зейінді адам. Әйелдер күні мерекесі қарсаңында барлық әйелдер қауымына денсаулық, әйел бақытын, әрқашанда  әсем болып жүруге, стресстік жағдайлар аз болуын тілейміз.  Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus