Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты СУ ТАСҚЫНЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?

СУ ТАСҚЫНЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?

PDF Баспаға жіберу
07.03.2019 07:28

IMG-20190306-WA0035

«Байқоңыр» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы Сіздің аумағыңызда, жер теліміңізде су тасқынына қарсы уақтылы іс-шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хабарлайды.

Ағымдағы жылдың ақпан айынан наурыз айына дейін су тасқынына қарсы шаралар аясында коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдармен қаладан қарды шығару жұмыстары жүргізіледі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, меншік иесі оған тиесілі мүлікті сақтаудың ауыртпалығын көтереді, осыған байланысты жеке тұрғын –үй сектордың тұрғындарын:

- шатырлардан және аулалардан қарды тазарту бойынша шараларды қабылдауға, одан кейін механикаландырылған жинау жұмыстарын жүргізу үшін жолдың жүріс бөлігіне шығаруға;

- механикалық әдіспен қар тазалау кезінде мүліктің бүлінуін болдырмау үшін ұңғымаларды, құрылыстық материалдарды, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ қоршауды белгілеуге шақырамыз.

Су тасқыны кезеңінің төтенше жағдайларын болдырмау үшін:

- кәріздік құбырларды, еріген қар суларын өткізу үшін арналған науларды тазарту, оларды қатты тұрмыстық қалдықтар және қоқыспен бітеп тастамауға. Науа-арық жүйесін бітеу, ластау үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған;

- егер аулаңыз су басуға шалдыққыш болса, инертті материалдарды пайдаланып бөгеттік үймесін  құруға;

- аула аумағынан еріген қар суларын уақытылы ағызып жіберу  шараларын қабылдау;

- қар еріген кезде судың ағындары қоқыс пен бұтақтармен бітелмегенін бақылауға алу;

- ауа- райы болжамдарын, ауа-райының жағдайларын есепке алып, ТЖ қызметінінң хабарламаларын ескеру ұсынылады.

Су деңгейінің тез көтерілуі кезінде үйдегі заттарды қорғауға және ықтимал эвакуациялауға дайын болу керек.

- сабырлықты сақтаңыз, үрейленбеңіз;

- қажетті құжаттарды, құндылықтарды, дәрілік заттарды, азық-түлік және басқа да қажетті заттарды жинап қойыңыз;

- көмек келгенге дейін жоғарғы қабаттарда, шатырларда, қырат жерлерде қалу қажет;

- құтқарушыларға дауыс беру арқылы, жалаушалар, шамдар немесе қол шам көмегімен сигнал беруді ұйымдастырыңыз;

- су басу аймағынан құтқарушыларға үміт болмаған кезде ғана шығу керек;

- өзін-өзі құтқаруға, су ағынының бағытын және жылдамдығын ескере отырып, мұқият дайындалу қажет;

- үйден шығар алдында, электр мен газды өшіріп, пештегі отты сөндіріп тастаңыз. Терезелер мен есіктерді құлыптаңыз, егер уақыт болса 1-қабатының  терезелері мен есіктерін тақтаймен жабыңыз.

Тасқынның басылуынан кейінгі әрекеттер:

- үйге оралғанда абай болыңыз, оның құрылымдарының (қабырғалар, төбелер, едендер) сенімділігін тексеріңіз;

- ғимаратты желдетіңіз (жиналған газдарды кетіру үшін). Үй-жай толық желдетілмегенше және газ жүйесі қалпына келтірілмегенше электр жарығын қоспаңыз, ашық от көздерін пайдаланбаңыз;

-  суды тартып шығару, ішкі үй-жайларды, заттарды кептіруді, қоқысты алып тастауды және аумақты және тұрғын үйді қолайлы жағдайға келтіру керек.

IMG-20190307-WA0008 IMG-20190307-WA0014

IMG-20190307-WA0002

УЧС района Байконыр ДЧС города Астана


 
Система Orphus