Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астана қаласының өрт сөндірушілері 25 адамды құтқарды, оның 4 балалар.

Астана қаласының өрт сөндірушілері 25 адамды құтқарды, оның 4 балалар.

PDF Баспаға жіберу
11.03.2019 06:33

IMG-20190310-WA0172

10 наурызда 11 сағат 16минутта 101 Өот сөндіру пунктіне Құдайбердіұлы 31/1 мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. 7 минуттың ішінде оқиға орнына келіп жеткен өрт сөніру бөлімшелерінің анықтауы бойынша тоғыз қабатты тұрғн үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердегі 20 шаршы метрлік жатын бөлмеде үй жиһаздарының жанып жатқанын анықтады.    Көк түтіннің салдарынан адам өміріне қауіп төнгендіктен адамдарды қауіпсіз жерге шығару бойынша шаралар қабылданды.   1 және 10 өрт сөндіру бөлімдерінің шұғыл әрекеттерінің нәтижесінде автосатыларды пайдалану арқылы 25 адам құтқарылды, оның 4 балалар және 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 12 балалар.   Өрт 11 сағат 33 минутта ауыздықталып, жойылды.

Барлығы өрт сөндіруге жеке құрамнан 25 адам және 7 бірлік техника пайдаланылды. Өрттің себебі –балалардың отпен ойнауы.  Өрттен 2 адам зардап шекті: 1970 және 1973 жылы туылған әйелдер орта дәрежедегі газбен улану деген диагнозбен №1 қалалық аурухананың токсикология бөліміне жатқызылды, жағдайлары орташа.

IMG-20190310-WA0080 IMG-20190310-WA0081 IMG-20190310-WA0082 IMG-20190310-WA0093 IMG-20190310-WA0169

IMG-20190310-WA0090

Астана қаласы ТЖД бапасөз қызметі.


 
Система Orphus