Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерімен кездесу

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерімен кездесу

PDF Баспаға жіберу
18.03.2019 07:38

SAM_0026

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында 2019 жылдың 15 наурызында Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 5-МӨСБ мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы А.Ә. Исақұл Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау себептері мен жағдайлары, мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасау фактілері туралы айтылды.

А.Ә.Исақұл өз сөзінде «Сыбайлас жемқорлықтың белсеңді және тиімді профилактикасы сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің жасалуын болдырмауға мүмкіндік береді, сыбайлас жемқорлықты төмендетеді, әрбір қызметкерге жүктемені төмендету есебінен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді",-деп атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу соңында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы бейнеролик көрсетілді.

 Астана қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖ» ММ

Кадр жұмыстары бөлімі



 
Система Orphus