Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Жас құтқарушы» үйірмесі

«Жас құтқарушы» үйірмесі

PDF Баспаға жіберу
19.04.2019 10:48

IMG-20190417-WA0063

«Жас құтқарушы» үйірмесі астаналық мектептерде 2011 жылдан бастап жұмыс атқарады. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жыл сайын үйірмеге қатысушы мектептердің саны артып келеді.

Үйірме жұмысы барысында біздің заманымыздың жастары тіршілік қауіпсіздігі негіздерін үйренеді, төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау, жергілікті жерде бағдарлауды және ТЖ туындаған кезде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді үйренеді.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қ. ТЖД «Алматы» ауданы ТЖБ «Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» ММ және Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Апаттар медицинасы орталығы» ММ, сондай-ақ
Нұр-Сұлтан қ. ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметі»
ММ бірлесіп, жыл сайын «Балаларды төтенше жағдайлар мен өрттер кезіндегі
іс-әрекеттер  мен тәсілдеріне үйрету, алғашқы медициналық көмек көрсету, суда өзін- өзі ұстау ережелері» тақырыбында ашық сабақтар өткізеді.

Сондай-ақ, спорттың құтқару түрлері бойынша аудандық және қалалық жарыстар өткізіледі.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Алматы» ауданы ТЖБ өз алдына өскелең ұрпаққа елдің қауіпсіз болашағы үшін жауапкершілікті тәрбиелеу мақсатын қойып отыр.

IMG-20190417-WA0062 WhatsApp Image 2018-09-25 at 16.27.46(1) WhatsApp Image 2018-09-25 at 16.27.49

WhatsApp Image 2019-04-16 at 17.52.48(1)

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД

«Алматы» ауданы ТЖБ


 
Система Orphus