Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Барлығына мереке болғанымен құтқарушылар күшейтілген тәртіпте қызметте.

Барлығына мереке болғанымен құтқарушылар күшейтілген тәртіпте қызметте.

PDF Баспаға жіберу
30.04.2019 05:04


Ағымдағы жылдың 30 сәуірінен 13 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызетке көшті.

Гарнизонның жеке құрамы және ТЖД қызметі күшейтілген тәртіпте қызметке көшуде. Нұр-Сұлтан құтқарушылары мереке күндері адамдардың көп жиналатын орындарында және мерекелік шаралар өтетін жерлерде өрт қауіпсіздік шараларын нығайтуда қызмет атқуда. Бұл Қазақстан халқының Ассамблеялар Съезді, Хоккей бойынша Әлем чемпионаты,  Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі, Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелері.  Құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексерілуде,  қоғамдық маңызы бар іс-шараларды өткізу орындарының өрт қауіпсіздігіне шұғыл тексеру жүргізілуде, тексеру барысында көшіру жолдарының бар-жоғына, жәй-күйіне, өрт сөндірудің алғашқы құралдарына, өртке қарсы су құбырлары көздерінің дұрыстығына баса назар аударылуда, шаралар өткізілетін орындарға инспекторлық құрамның ішінен кезекшілік ұйымдастырылды.

Мереке күндері Департаменттің азаматтық қорғау қызметкерлерінің барынша күші, жеке құрамнан 189 адам және 24 бірлік техника жұмылдырылуда  -  деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник М.Т.Аманбаев.