Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Соғыс ардегері Иван Заиченконы құттықтады

Соғыс ардегері Иван Заиченконы құттықтады

PDF Баспаға жіберу
08.05.2019 12:47

IMG_4422

8 мамырда Жеңіс күнінің 74 жылдығын мерекелеу құрметіне орай  Төтенше жағдайлар комитеті мен Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД ардагерлер кеңесі соғыс ардагері Иван Афанасьевич Заиченконың үйіне барды.

Иван Афанасьевич 1923 жылы Ақмола облысы Алексеевка ауданы Рамадан ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылған. Иван Заиченко Сталинградта, 169-ші атқыштар дивизиясының жеке пулемет батальонында соғысты. 1946-1956 жылдары ішкі қызмет органдарында жұмыс істеді.  1956-1974 жылдары ТЖ жүйесінде қызмет етті.

Соңғы атқарған қызметі – Целиноград облыстық өрт сөндіру күзеті бөлімінің инженері. Иван Афанасьевич Ұлы Отан соғысының төсбелгілерімен және «Сталинградты қорғағаны үшін», «Жауынгерлік қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.

Иван Афанасьевич өзінің естеліктерімен бөлісіп, отбасылық фотомұрағаттарын көрсетті.

Ардагерге зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілейміз!

IMG_4413  IMG_4426 IMG_4428

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД


 
Система Orphus