Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Саяжай алаптарындағы рейд

Саяжай алаптарындағы рейд

PDF Баспаға жіберу
14.05.2019 11:50

IMG-20190510-WA0026

Жазғы және күзгі кезеңде таза ауа әуесқойлары қала сыртындағы учаскелерге ұмтылады. Алайда саяжай иелерінің көктемгі көтеріңкі көңіл-күйі кенеттен шыққан өрт салдарынан бұзылуы мүмкін. Сонымен қатар саяжайлар жылдың қыс мезгілінде тұруға арналмағанына қарамастан, көптеген саяжайларда адамдар тұра бастады. «Алматы» ауданы аумағында 11 саяжай қоғамы тіркелген және өрт қауіпсіздігі шаралары туралы профилактикалық іс-әрекеттер жүргізу бірінші орында тұр. Саяжайдағы көптеген өрттердің себептері: темекі шегуде сақтық шараларын сақтамау, қатты отынмен жанатын пештерді, электрсымдарын пайдалану және құру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы. Сондай-ақ мас күйінде темекі тұқылдарын түсіріп алу немесе өшпеген темекі тұқылы бүгінгі күні  үлкен және түзетілмейтін кеселдің басты көзі. Өйткені мас күйінде адам ауыр және өлімге әкеп соқтыратын қателіктер жасайды.

Саяжай құрылыстарына жақын жерде от жағу, сондай-ақ құрғақ шөпті жағу өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу болып табылатынын есте сақтау керек.  Саяжай иелері учаскеде тұтанған шөптің көзді ашып-жұмғанша ағаштан жасалған құрылысты шарпып, айнала көк жалынға ұласатынын байқамай да қалады. Саяжай кооперативтерінің, бау-бақша серіктестіктерінің аумағында жазғы кезеңде әрбір тұрғын үй ғимаратының жанында кемінде 200 литр су қоры бар сыйымдылықтарды немесе өрт сөндіргішті орнату керек, сонымен қатар жанғыш қалдықтардың үйінділерін жинауға жол берілмейді. Пайдаға жарамайтын қалдықтар мен қоқыстарды жинау үшін саяжай кооперативтерінің, бау-бақша серіктестіктерінің аумағында арнайы жабдықталған орындарда қақпағы жабылатын металл ыдыстар орнатылады. Сыйымдылықтар бетондалған немесе асфальтталған алаңдарда ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 25 метр қашықтықта орнатылады. Саяжайларды, бау-бақша үйлерін ұзақ уақытқа жабу кезінде электр желісі тоқтан ажыратылады, газы бар баллондардың вентильдері (клапандары) тығыз жабылады. Жазғы кезеңде құрғақ, ыстық және желді ауа райы тұрақты болып тұрған жағдайда саяжай кенттерінде, бақша учаскелерінде от жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге, пештерді, асүй ошақтарын және қатты отынмен жұмыс істейтін қазандық қондырғыларын жағуға жол берілмейді.

Саяжайлар мен бау-бақша үйлерінің аумағында тамақ дайындауға арналған жанып жатқан көмірді (мангал, барбекю, гриль) орналастыруға арналған арнайы құралдарды пайдалану қажет:

- мангал орнын (барбекю, гриль) өрт сөндіргіш зат массасы 2 кг кем емес бір өрт сөндіргішпен немесе суы 10 литрден кем емес сыйымдылықпен жабдықтау;

- жанып жатқан көмірді (мангал, барбекю, гриль және осыған ұқсас) орналастыруға арналған арнайы бұйымдардың шетінен ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі ең аз қашықтық (жоспарда) кемінде 10 метр болуы тиіс.

Жанып жатқан көмірді (мангала, барбекю, гриль) орналастыруға арналған арнайы құрылғыларды:

- құрғақ өсімдіктері бар жерлерде;

-ағаш түптерінде;

- жанғыш материалдардан жасалған бастырмалардың астында;

- тұрғын үй ғимаратының жайларында, сондай-ақ балкондар мен лоджияларда;

- шаруашылық құрылыстарында, гараждарда, шатырларда, жазық шатырларда орнатуға жол берілмейді.

Жанып жатқан көмірді қараусыз қалдыруға болмайды. Тамақ дайындап болғаннан кейін жанып жатқан көмірді толық өшкенге дейін су құйып өшіру керек.

Саяжайда демалу кезінде саяжай иелеріне отпен абайлап жұмыс істеу және қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау өрттің алдын алудың басты шарты болып табылатынын еске салғым келеді. Өзіңізді өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға үйрету қажет, сонда сіз қайғы қай жерден келді деген сұраққа бас қатырмайтын боласыз.

IMG-20190510-WA0021


Нұр-Сұлтанқаласы ТЖД «Алматы» ауданы ТЖБ
аға инженері 
М. Жағалбайлы


 
Система Orphus