Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Сайлау қарсаңында өрт қауіпсіздігі туралы

Сайлау қарсаңында өрт қауіпсіздігі туралы

PDF Баспаға жіберу
16.05.2019 15:07

WhatsApp Image 2019-05-15 at 12.17.50

Ағымдағы  жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті. 2019 жылғы 15 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының Оқушылар сарайында қала әкімінің орынбасары және қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Е.Каналимовтің төрағалығымен жалпы алғанда 300-ден астам сайлау учаскелерінің төрағалары мен хатшыларының қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті.

Елордаға шетелдік бақылаушылардың келуіне байланысты сайлауды қауіпсіз өткізу бірінші орында тұр, осыған байланысты «Алматы» ауданы ТЖБ зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау тобының аға инженері М.М.Жағалбайлы сайлау өткізу кезеңінде сайлау учаскелерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы баяндамасын оқыды.

Кеңес аяқталғаннан кейін «Алматы» ауданы ТЖБ қызметкерлері көрнекі материалдарды таратып, кеңеске қатысушыларға өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты жеткізді.


IMG-20190516-WA0008 IMG-20190516-WA0010 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Алматы» ауданы ТЖБ

аға инженері

М. Жағалбайлы


 
Система Orphus