Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Оқу-жаттығулар мен жаттығулар – азаматтық қорғау саласында білімді насихаттаудың маңызды құрылымы

Оқу-жаттығулар мен жаттығулар – азаматтық қорғау саласында білімді насихаттаудың маңызды құрылымы

PDF Баспаға жіберу
17.05.2019 14:11

«Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс тобы әскери қызметкерлерімен «Алматы» ауданы аумағында орналасқан мемлекеттік және дербес мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар және шаруашылық объектілері өкілдерімен азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығулар мен жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу бойынша оқу-әдістемелік жиын өткізілді.

Аталған іс-шарада Басқарма офицерлерімен елорда ұйымдары бірінші басшыларына «Азаматтық қорғау туралы» заңына сәйкес объектілерде жаттығуларды өткізу маңыздылығы және қажеттілігі жеткізілді, жаттығуларды өткізу барысындағы құжаттамаларды рәсімдеуге әдістемелік көмек көрсетілді, сондай ақ шомылу кезеңінің жақында басталуына байланысты ескертеплер таратылумен су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпарат берілді.

Жоғарыда аталған оқу-әдістемелік жиындар азаматтық қорғау саласында білімді насихаттау және оқу-жаттығулар мен жаттығуларды өткізу бойынша ұйымдар басшыларына жәрдем көрсету мақсатында өткізіледі, себебі тек қана төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдар дағдысы тәжірибелік өтеумен ғана зауалды болдырмауға, өзіңді, айналадағыларды жағымсыз салдардан қорғауға болады.

«Алматы» ауданы ТЖБ

азаматтық қорғаныс тобының офицері

Е. Солтанбеков