Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордада жас құтқарушылардың қалалық жарысы өтті

Елордада жас құтқарушылардың қалалық жарысы өтті

PDF Баспаға жіберу
17.05.2019 14:12

1 место

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ  «Құтқарушы» спорт кешенінің аумағында мектеп оқушылары арасында жас құтқарушылардың қорытынды қалалық жарысы өтті.

Мамыр айының бірінші күнінен бастап Нұр-Сұлтан қаласында Жас құтқарушылар жасағы арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша аудандық іріктеу жарыстары басталған болатын. Балалармен өрт сөндіру-құтқару спортының кейбір түрлерін қамтитын спорттық жарыстар өткізілді. Бүгін ақтық жарысқа  12 команда қатысты.

«Жас құтқарушылар» қалалық слетінің ашылу салтанатында жарысқа қатысушылар үшін «ӨСжАҚЖҚ» ММ, «ОӨАЖҚЖ», «АМО» бөлімшелерінің арнайы техникасының көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ бұл көрмеде авариялық-құтқару және медициналық құрал-жабдықтар көрсетілді.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Марғұлан Аманбаев жарысты бастап берді.

Жарыс қорытындысы бойынша «Сарыарқа» ауданына қарасты №65 орта мектеп-гимназиясының командасы жеңіске жетті, екінші орынды «Есіл» ауданына қарасты № 59 мектеп-лицейінің командасы және үшінші орынды «Алматы» ауданына қарасты №22 мектеп-гимназиясы иеленді. Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен қатысушылар мақтау қағаздарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ қала мектептері арасында «Жас құтқарушылар» үйірмесі жұмысын ұйымдастыруда белсенділік танытқандары үшін мектеп директорларына қала әкімінің алғысхаты берілді.

Аталған жұмыс балалардың отпен ойнау салдарынан болатын өрттердің алдын алу, балаларды төтенше жағдайлар  орын алған кездегі алғашқы іс-әрекеттерге үйрету және де құтқарушылардың қызметімен таныстыру мақсатында жүргізіледі.

Құтқарушы мамандығына қызығушылық танытатын балалар үшін мектепті тәмамдағаннан кейін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында мамандарды даярлайтын ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсуге мүмкіндік бар.

 2место 3 место IMG_3845 IMG_3857 IMG_3863 IMG_3869 IMG_3870 IMG_3874 IMG_3877 IMG_3878 IMG_3880 IMG_3931 IMG_3955 IMG_3957 IMG_3973 IMG_3984 IMG_3994 IMG_4057 IMG_4083 IMG_4096 IMG_4101 IMG_4113 IMG_4121 IMG_4126 IMG_4131 IMG_4145 IMG_4170 IMG_4201 IMG_4153  

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД


 
Система Orphus