Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

PDF Баспаға жіберу
23.05.2019 10:38

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша күндіз 24, тәулік бойы 25 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 мамырда кей уақытта 25 м/с. 25 мамырда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа-райының қолайсыздығы кезінде сақтық шараларын ескертеді:

Қатты жел, найзағай мен бұршақ жауғанда:

- мүмкіндігінше  ауа-райының қолайсыздығын іргелі құрылыс нысандарында тоса тұрған жөн;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан,   сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

-пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз; Найзағай мен қатты нөсер жолдың көруіне кедергі болып, найзағай жүргізушіге әсер етіп жол-көлік оқиғасына әкеп соқтыруы мүмкін.

- найзағай кезінде су қоймаларында суға шомылуға және балық аулауға болмайды;

-  орын жайларда терезеден алшақ болып, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз, бұршақ соңы найзағай болуы мүмкін.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus