Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Азаматтық қорғау саласында халықты оқыту

Азаматтық қорғау саласында халықты оқыту

PDF Баспаға жіберу
24.05.2019 13:10

IMG_4919

Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттерінің бірі болып орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын даярлау, сондай ақ халықты оқыту болып келеді.

Нұр-Сұлтан қаласының Әкімімен бекітілген 2019 жылға азаматтық қорғау астаналық аумақтық кіші жүйесін жетілдіру бойынша негізгі іс-шаралар жоспары негізінде елордалық ТЖ Департаментінде азаматтық қорғау саласында әр апта сайын оқыту курстары өткізіледі.

Курстар 3 күн бойы әр түрлі санаттармен өткізіледі, бұл кезеңде тыңдаушыларға азаматтық қорғаныс негіздері, өрт қауіпсіздігі, зардап шеккендерге алғашқы көмек, ТЖ психологиялық аспектілері және тағы басқа мағлұмат жеткізіледі. Және де ТЖ болған жағдайдағы іс-қимыл дағдысы баулынады. Әр жыл сайын Департаменте 950-ден астам мамандар оқытудан өтеді.

Курстардың аяқталуымен тыңдаушылар тестілеуден өтеді және жоғары нәтиже алғандар азаматтық қорғау саласында дайындық және қайта дайындықтан өткені туралы сертификат алады.

Крустарды өту үшін Департамент бастығының атына хат жолдау жеткілікті, хатта оқыту санатын, курстарды өту күнін және ұйымның атауын көрсету қажет. Курстар ақысыз түрде өтеді, анықтамалар телефоны 32-42-50, 99-93-28

IMG_0213 IMG_0224 IMG_4911  

Азаматтық қорғаныс басқармасы


 
Система Orphus