Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Мемлекеттік рәміздер күні – әрбір қазақстандық үшін айтулы мереке

Мемлекеттік рәміздер күні – әрбір қазақстандық үшін айтулы мереке

PDF Баспаға жіберу
04.06.2019 16:33

IMG_5579

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу құрметіне Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Марғұлан Аманбаев жеке құраммен салтанатты жиналыс өткізді. Жиналыс Мемлекеттік Гимнді орындаумен ашылды.

Кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қ.Амангелдинов баяндама жасады. Баяндамасын Елбасының мына дәйексөзімен аяқтады: «Отан сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады. Сондықтан барлық уақыттарда мемлекеттік рәміздер – бұл ұлттық мақтаныштың және оларға деген ерекше көзқарастың белгілері».

Шара соңында мемлекеттік рәміздердің тарихы және олардың қалыптасуы туралы бейнеролик көрсетілді және барлық шақырылған қонақтарды Департамент бастығы алғыс хаттармен марапаттады.

1992 жылдың 4 маусымында тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері бірінші рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні болып мәңгі қалады.

Қазақстандық патриотизмді, әсіресе жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызы зор. Аталған іс-шара азаматтық және патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ мемлекеттік рәміздеріміздің мәні мен маңызын терең түсіндіру мақсатында өткізіліп отыр.

 IMG_5586 IMG_5593

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы


 
Система Orphus