Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Абайлаңыз, терек мамығы!

Абайлаңыз, терек мамығы!

PDF Баспаға жіберу
06.06.2019 12:18

топ пух памятка1

Терек мамығы - қалалар мен ауылдардың нағыз қасіреті. Теректің «жазғы қар» гүлдену кезеңінде теректің мамығы қоралардың, үй қабырғаларының, дуалдардың, ағаш үйлердің іргелеріне жиналады, жерде, көгалдарда болады.  Үйді немесе саяжайды бір минут ішінде барлық периметрі бойынша жағып жіберуге қабілетті.

Өрттің шығу көзі сөндірілмеген темекі немесе сіріңке, от жұмыстарын жүргізу немесе балалардың отпен ойнауы кезінде болуы мүмкін. Балалар үшін терек мамығын өртеу олардың сүйікті ермегі, соның салдарынан өртке қарсы қызметті шақыруға тура келеді.

Қатты жел кезінде мамық барлық саңылауларға толып, он екінші қабатты биіктікке дейін жетеді. Кез келген ұшқынның салдарынан мамық  бір сәтте жанып, өрттің ғимаратқа таралатынын есте сақтау керек. Адамдар күшті жаңбырдан кейін мамық азаяды деп үміттенеді. Шын мәнінде, жаңбыр мамықты тек жерге басып тастайды. Күнің көзінде қызған «жазғы қар» кеуіп, өзінің өрт қауіпті қасиеттеріне ие болады. Кейде өртке қарсы қызмет осындай жануларға  күніне 10-15 рет шығады.

Жеке гараждарда жиналған терек мамығының қаупі жоғары, оны алып тастау қиынға соғады, уақытында жиналмаған және төгілген жанатын материалдар терек мамығының жиналуына және өрт шыққан жағдайда оттың таралуына ықпал етеді.

Жазғы кезеңде келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет:

- мамық жиналған жерлерді, әсіресе ағаш құрылыстарын үнемі тазалап, су шашып отыру керек, балалар мен жасөспірімдердің терек мамығын өртеуіне жол бермеу керек;

- кәсіпорындар мен мекемелер темекі шегу тәртібіне бақылау орнату керек;

- от жағуға және қоқыстарды жағуға қатаң тыйым салу;

- дәнекерлеу және басқа да от жұмыстарына дайындықты  мұқият жүргізу;

- аумақта суы бар бөшкелер, алғашқы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіштер, құм, күректер және т. б.) бар қалқандар орнату, өртке қарсы су құбырларын іске қосу;

- өрт қауіпсіздігі жөніндегі шаралар туралы қосымша нұсқаулықтар өткізу.

Терек мамығымен тек өрт сөндірушілерге ғана емес, қарапайым азаматтарға да күресуге тура келеді. Тәжірибе көрсеткендей, мамықты жинау оңай жұмыс емес. Тазалау тиімді болу үшін мамықты сумен сулап, содан кейін ол ауырлаған кезде сыпыру керек.

Осы қарапайым ережелерді сақтау өртті болдырмауға мүмкіндік береді, оны сөндіруден гөрі алдын алу оңай!

 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Алматы» ауданы ТЖБ

М.Т. Дүйсенов


 
Система Orphus