Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Тағы бір өмір құтқарылды

Тағы бір өмір құтқарылды

PDF Баспаға жіберу
12.06.2019 10:22

S90612-144003(1)

Бүгін 12 маусымда 11 сағат 28 минутта «112» нөміріне «102» ЖБО-дан Есіл өзенінде «Сана» ТК-ге қарама-қарсы адамның суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде сол жерге жақын жерде патрульдеуді жүзеге асырушы Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылары катерімен жіберілді.

Құтқарушылар Абылайхан Омербаев, Ержан Қабылов және Дәурен Қайыров оқиға орнына келіп жеткенде,  ер адамның суға батып бара жатқаны анықталды. Абылайхан жалма-жан суға секірді, осы сәтті оны тек бір ой ғана мазалады: «ең бастысы, үлгеру керек». Ер адамды көтеріп алып, құтқарушылардың тобына берді, бірақ ер адамнан өмір сүру нышаны байқалмады. Ержан пен Дәурен жасанды тыныс алу түріндегі алғашқы көмек көрсете бастады,  осы кезде   ер адам өз-өзіне келіп, есін жия бастады. Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы тұрақты, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді.

1975 жылы туған ер адам өзен жағасында спирттік ішімдік ішіп, масаң күйде шомылуға рұқсат етілмеген орында суға секіреді, қатты ағынға төтеп бере алмай, суға бата бастайды. Құтқарушылар Абылайхан Омербаевтың, Ержан Қабыловтың және Дәурен Қайыровтың жедел әрекет етуі арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді.

Бұл сәтті аяқталған оқиғалардың бірі, алайда мұндай сәттерде секундтың өзі бәрін шешеді, кез келген кедергі  қайтымсыз зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін. Алдағы уақытта мұндай оқыс оқиғалар қайталанбайды деп үміттенеміз.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы тағы да еске салады!

Қалтқы белгіден аспаңыз, мас күйде суға шомылмаңыз. Есіңізде болсын: судағы жазатайым оқиғалардың 80%-ы осы себептен орын алады, су айдындарының жанында балаларды қараусыз қалдырмаңыз, таныс емес жерлерде шомылмаңыз және суға түспеңіз. Жүзуге арналмаған заттарды (автомобиль камералары, жұқа пенопласт, пластикалық бөтелкелер және т.б.) пайдалану ұсынылмайды.   Бейтаныс жерлерде жалғыз шомылуға болмайды.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі


 
Система Orphus