Ақпарат 12.06.2019

Баспаға жіберу
12.06.2019 13:05

Нұр-Сұлтан қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, күндіз 13, тәулік бойы 14-15 маусымда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында, ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен ұйымдарының тұрақты және авариясыз жұмысын қамтамасыз ету бойынша, қалалық қызметтер, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, Департаменттер мен басқармалардың басшылары қажетті шаралар қабылдасын. Жағдайдың қыйындауы болған кезде дереу баяндаңыздар.

Нұр-Сұлтан қ. ТЖД жедел кезекшісі

азаматтық қорғау подполковнигі                                                 Ғ. Шагиров