Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты АНОНС

АНОНС

PDF Баспаға жіберу
12.06.2019 13:07

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығымен бірлесе командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізеді.

Оқу-жаттығудың шарты бойынша қысқа тұйықталу салдарынан Орталықтың 2-қабатындағы қабырғалық медициналық консол жанады.

Оқу-жаттығудың мақсаты: барлық қатысушаларды эвакуация сызбасын дұрыс қолдануға, өртенген жерден қай бағытқа шығу керектігін үйрету. Қызметкерлер мен науқастарды шұғыл жағдайдағы іс-әрекеттерге үйрету. Эвакуациялау қажет болған жағдайдағы эвакуациялық шығу жолдарының жарамдылығын тексеру. Алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс қолдану.

Өтетін мерзімі: 2019 жылғы 13 маусым

Өтетін орны: Ана мен бала орталығы, Тұран даңғылы, 32,  сағат 15:00-де.

Тел.55-96-60 баспасөз қызметі, 8701-514-0706 Аягөз


 
Система Orphus