Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қоқыстардың жануы туралы дөнгелек үстел

Қоқыстардың жануы туралы дөнгелек үстел

PDF Баспаға жіберу
20.06.2019 04:46

IMG_20190618_114731

2019 жылғы 18 маусымда «Байқоңыр» ауданы әкімінің төрағалық етуімен «Байқоңыр» ауданы «ПИК» ассоциациясы мен “Cleancity” ЖШС өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Күн тәртібінде «Қоқыс контейнерлерінде жану жағдайларының алдын алу» мәселесі қарастырылды.

Кеңеске қатысушыларға аудан аумағында қоқыс контейнерлеріндегі жану жағдайлары бойынша статистика жеткізілді.

Өз кезегінде ПИК төрағалары сөндірілмеген шылымдарын қоқыс сауыттары мен бактарына лақтыратын тұрғындарына мұңдарын шақты.

Пікірталас барысында жану жағдайларының санын төмендету бойынша кешенді шаралар әзірленді. «ПИК» төрағаларына үйлердің кіреберістеріндегі ақпараттық қабырғаға профилактикалық материалдарды орналастыру тапсырылды. «CleanCity» ЖШС қоқыстарды жинау орындарына, қоқыс бактарының жанына сөндірілмеген тұқылды қоқысқа тастаған жағдайда болуы ықтимал салдар туралы белгісі бар тақта орнату ұсынылды. WhatsApp – мессенджері арқылы кондоминиум тұрғындары топтарына профилактикалық материалдар таратып, сауалнамалар жүргізу тапсырылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша хаммата толтырылып, қарастырылған мәселе бойынша қабылданған шешімдер бекітілді.

IMG_20190618_114714

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Байқоңыр ауданы ТЖБ


 
Система Orphus