Нұр-Сұлтан қ. Төтенше жағдайлар департаменті аттестаттау комиссиясы отырысын өткізу туралы хабарландыру

Баспаға жіберу
20.06.2019 09:40

«Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілик көшесі, 22 3 қабат, 315 каб., анықтама үшін телефондар 8 (7172) 32-73-48, факс 8 (7172) 32-01-88), Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек ) 2019 жылғы 26 маусымда 17 сағат 00 минутта Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Шағын дағдарыс орталығында аттестаттау комиссиясының отырысын өткізу туралы хабарлайды.

Аттестаттау комиссиясы жұмысының айқындығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде аттестаттау комиссиясы отырысына Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатыса алады.

Қызметкер Аттестаттау комиссияның шешіміне бір ай мерзімінде құқық қорғау органының, құқық қорғау органы білім беру ұйымының және құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесінің басшысына немесе уәкілетті  басшысына сот тәртібімен шағымдана алады.


Әңгімелесуге жіберілген, аттестатталатын  қызметкерлер  тізімі Нұр-Сұлтан қ. ТЖД ақпараттық стендінде орналасқан.